"Астана" Еуропа лигасы матчінде "Лудогорецті" ұтты

©"Астана" ФК

"Астана" Еуропа лигасының үшінші іріктеу кезеңінің бірінші матчінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz

"Астана Аренада" өткен ойында қазақстандық команда болгариялық "Лудогорецті" 2:1 есебімен ұтты. 

37-минутта алаң қонақтары сапынан Ноа Сонко-Сундберг есеп ашты. Алайда үш минуттан кейін-ақ Жарко Томашевич есепті теңестірді.

Ал 53-мтинутта Александр Марочкин жеңіс голын салды.

Қарымта матч 18 маусымда Разградта өтеді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport