Футбол
27 тамыз 2019 17:38

"Астана" Еуропа Лигасы лигасындағы қарымта матчке құрамын жариялады

© "Астана" ФК
"Астана" футболшылары Еуропа лигасы іріктеуінің плей-офф раундының БАТЭ командасына қарсы қарымта матч өткізуге Беларусь еліне аттанды, - деп хабарлайды клубтың ресми сайты


Команда құрамында 21 футболшы аттанды. Беларусь еліне астаналық клуб бүгін, 27 тамызда ұшты.

"Астана" сапы:

қақпашылар: Ненад Эрич, Александр Мокин пен Станислав Павлов;

қорғаушылар: Антонио Рукавина, Абзал Бейсебеков, Лука Шимунович, Евгений Постников, Жарко Томашевич пен Дмитрий Шомко;

жартылай қорғаушылар: Юрий Логвиненко, Рунар Мар Сигурьонссон, Иван Маевский, Юрий Перцух, Серикжан Мужиков, Марин Томасов, Дорин Ротариу мен Дидар Жалмұқан;

шабуылшылар: Сергей Хижниченко, Рангело Янга, Роман Мұртазаев пен Фирмин Мубеле.

Еске салайық, бірінші матчте "Астана" өз алаңында БАТЭ клубын 3:0 есебімен ұтты. Қарымта 29 тамыз Борисовте өтеді, басталуы Қазақстан астанасының уақытымен 23:00.