Футбол
Бүгін 20:47
 

"Астана" - "Елімай" матчі сұмдық ойсыратумен бітті

  Пікірлер

blog.share

"Астана" - "Елімай" матчі сұмдық ойсыратумен бітті © "Астана" ФК

"Астана" футбол клубы Қазақстан премьер-лигасының (ҚПЛ-2026) 25-турында семейлік "Елимайды" өз алаңында 4:0 есебімен күйретіп тастады, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

"Астана" футбол клубы Қазақстан премьер-лигасының (ҚПЛ-2026) 25-турында семейлік "Елимайды" өз алаңында 4:0 есебімен күйретіп тастады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Башич бес минут ішінде дубль жасады

Елордалфқ клуб ұзақ уақыт бойы есеп аша алмады. Алайда бірінші таймның соңына қарай нәтижелі ойын өрнегін көрсетті. 40-минутта Иван Башич "Астананы" алға шығарды.

Араға небәрі бес минут салып, жартылай қорғаушы "Еліай" қақпасына тағы бір гол соғып, дубль жасады. Осылайша алаң иелері үзіліске екі доп басымдығымен кетті.

Томасов пен Кәрімов жеңісті ірі есепке жеткізді

Үзілістен кейін "Астана" қарқынын бәсеңдеткен жоқ. 49-минутта Марин Томасов елордалық команданың басымдығын үш голға жеткізді. Кездесудің қорытынды есебі 67-минутта белгіленді. Рамазан Кәрімов пенальтиден мүлт кетпей, "Астананың" есепті 4:0-ге жеткізуіне үлес қосты.

Қалған уақытта алаң иелері ойын барысын толық бақылауда ұстап, есепті өзгертуге мұрша бермеді.

"Елімайды" ірі есеппен жеңгеннен кейін "Астана" 45 ұпай жинап, ҚПЛ турнирлік кестесінде үшінші орынға көтерілді. Ал семейлік клуб 32 ұпаймен алтыншы сатыда қалды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!