"Астана" екі жаңа ойыншыны сапына қосты

Сурет: "Қайсар" ФК
Армениялық жартылай қорғаушы Тигран Барсегян және белоруссиялық хавбек Макс Эбонг "Астанамен" келісімшартқа қол қойып, командамен оқу-жаттығу жиыны өтетін Португалияға аттанды, - деп хабарлайды KazFootball.kz.

20 жастағы Эбонгтың тегі камерундық. Соңғы екі маусымды солигорлық "Шахтерде" өткізіп, команда үшін 33 матч ойнады. Сонымен бірге, Еуро-2020 іріктеуінде Нидерландыға (1:2) қарсы матчта Беларусь құрамасы үшін өнер көрсеткен.

26 жастағы Барсегян өткен маусым "Қайсарда" болды және 29 матчте 12 гол салып, төрт нәтижелі пас берді. Қызылордалық командамен бірге ол Қазақстан кубогын жеңіп алған.