"Астана" екі ай үзілістен кейінгі бірінші матчін өткізді

Сурет: "Астана" мен "Кызыл-Жар СК" арасындағы жетінші наурызда өткен матч
"Астана" футбол клубы Нұр-Сұлтанда жолдастық кездесу өткізді, - деп хабарлайды KazFootball.kz

Қарсылас петропавлдық "Қызыл-Жар СК" командасы болды. Ойын жабық түрде өткендіктен, оның мән-жайы белгісіз, дегенмен, бұл кездесуде астаналық команда басым болған. Басылым мәліметінше, екі ай футбол практикасы болмаған командалар төмен дәрежедегі ойын көрсеткен екен. 

Мұның алдында Петропавлдағы "Қарасай" стадионы жөндеуге жабылғандықтан, "Қызыл-Жар СК" астанада жаттығатыны хабарланған.

Еске салайық, Қазақстанда футболдан 2020 жылғы маусым 29 ақпанда басталып, 16 наурызда пандемияға байланысты тоқтады.
Жаңалықтар