"Астана" Чемпиондар лигасындағы "Динамомен" қарымта матчке аттанды

©"Астана" ФК

"Астана" Чемпиондар лигасы бірінші іріктеу раундындағы тбилисиялық "Динамоға" қарсы қарымта матч өткізуге Грузияға аттанды, деп хабарлайды Vesti.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Кездесу 19 шілде Тбилисидегі "Динамо-Арена" стадионында өтеді. Матч Астана уақытымен 22:00-де басталады. 

Еске салайық, Астанада өткен бірінші матч 1:1 есебімен тең аяқталды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport