"Астана" бірінші трансферін бас бапкерге ескертпей жасаған

28 желтоқсан 2021 08:08
©ҚФФ

Қазақстандық футболшы Елдос Ахметов "Астана" сапына өтті. Қорғаушымен келісімшарт да жасалып қойыпты, деп хабарлайды "СпортРадар.kz" телеграм арнасы.

Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы "Таразбен" клубтағы қаржылық қиындықтарға байланысты келісімшартын ұзартпады. 

Алайда бабынан тайып бара жатқан Ахметовты командаға алғанын бас бапкер Срджан Благоевич білмеген. Бірақ басқа адамдар жасаған трансферді сербиялық маманның бастамасымен өтті деп хабарлаған. Бұған ашуланған бапкер "Астана" басшылығына селекцияны да өздері жүргізіп, команданы да өздері жаттықтырсын деген екен.  

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport