"Астана" биылғы премьер-лигада жарты жыл өз алаңында ойнай алмауы мүмкін

Сурет: "Астана" ФК
"Астана" футбол клубы Қазақстан премьер-лигасы жаңа маусымының жартысына жуығын бейтарап алаңда өткізеді. Клубтың баспасөз қызметі Vesti.kz тілшісіне бұған себеп "Астана Арена" төсенішін ауыстыру екенін хабарлады. 

"Астана" маусымды бейтарап алаңда бастау ықтималы бар, өйткені "Астана Арена" кешенінен жаңа газон төселетіні туралы хат келді. Жұмыс уақыты шамамен 120 күн. Қазір жағдайды бақылап отырмыз және стадионннан нақты уақытты атауын күтіп отырмыз. Содан кейін қандай матчтерді қайда өткізетініміз белгілі болады", - делінген хабарламада. 
Жаңалықтар