Елордалық "Астана" 31 жастағы беларусь қорғаушысы Артем Рахмановпен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Transfermarkt порталы.
Келісімшарт "1+1" схемасы бойынша жасалған.
Артем Рахманов орталық қорғаушы позициясында ойнайды, ал бойы 195 см. Ол эстониялық "Левадия", молдовалық "Милсами", украиналық "Черноморец", польшалық "Раков" мен швециялық "Эскильстун" клубтарында доп тепті. Ал өз елінде "Минск", "Славия", "Неман", "Ислочь" және "Рух" командаларының намысын қорғады. Өткен жылы ол 23 матч өткізіп, 2 гол соқты, 2 нәтижелі пас берді.
Рахманов Беларусь құрамасында 2 ойынға қатысқан.