Футбол
14 қаңтар 2022 13:59
 

"Астана" Беларусь құрамасының қорғаушысын қатарға қосты

  Пікірлер

blog.share

"Астана" Беларусь құрамасының қорғаушысын қатарға қосты ©"Рух" ФК

Елордалық "Астана" 31 жастағы беларусь қорғаушысы Артем Рахмановпен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Transfermarkt порталы.

blog.share

Елордалық "Астана" 31 жастағы беларусь қорғаушысы Артем Рахмановпен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Transfermarkt порталы.

Келісімшарт "1+1" схемасы бойынша жасалған.

Артем Рахманов орталық қорғаушы позициясында ойнайды, ал бойы 195 см. Ол эстониялық "Левадия", молдовалық "Милсами", украиналық "Черноморец", польшалық "Раков" мен швециялық "Эскильстун" клубтарында доп тепті. Ал өз елінде "Минск", "Славия", "Неман", "Ислочь" және "Рух" командаларының намысын қорғады. Өткен жылы ол 23 матч өткізіп, 2 гол соқты, 2 нәтижелі пас берді.

Рахманов Беларусь құрамасында 2 ойынға қатысқан.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!