"Астана" басшысына байланысты ресми мәлімдеме жасады
Елордалық "Астана" бас директор Тастанбек Есентаевтың қызметінен кетті деген ақпаратқа қатысты ресми мәлімдеме жасады, деп жазады Vesti.kz тілшісі клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елордалық "Астана" бас директор Тастанбек Есентаевтың қызметінен кетті деген ақпаратқа қатысты ресми мәлімдеме жасады, деп жазады Vesti.kz тілшісі клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Еліміздің бірнеше БАҚ өкілдері "Астана" командасының бас директоры Тастанбек Есентаевты қызметінен кетті деген ақпарат таратты.
Ресми хабарлаймыз, бұл ақпарат шындыққа жанаспайды: клуб әдеттегідей өз жұмысын жалғастыруда.
"Астана" командасының баспасөз қызметі тек ресми сайтта жарияланған ақпаратты қолдануды сұрайды", - делінген клуб таратқан мәліметте.
Айта кетейік, ҚПЛ маусымының аяқталуына бір тур қалғанда "Астана" командасы "Ақтөбеден" екі ұпай ұзап, бірінші орында келеді.
Жарнама