"Астана" басшылықтағы ауыс-түйіс туралы хабарлады

1 желтоқсан 2022 12:17
©"Астана" ФК

"Астана" футбол клубының спорт директоры қызметіне Игорь Павлюк тағайындалды, деп хабарлайды команданың баспасөз қызметі. 

Мұның алдында Игорь Владимирұлы футбол орталығының менеджері және негізгі команданың аға әкімшісі қызметін атқарған. 

Павлюк кәсіпқой карьерасын 1997 жылы Шортандының "Автомобилист" клубында бастаған. 2005 жылға дейін "Химик", "Астана", "Жеңіс", "Ақмола", "Экибастузец-НК", "Есіл", "Оқжетпес" командаларында ойнады.

Еске салайық, мұның алдында Мерей Қанибетов "Астананың" атқарушы директоры, ал Арслан Беспаев бас директор қызметіне тағайындалған болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар