Футбол
17 қараша 2021 22:19

"Астана" басшылығы Андрей Тихоновпен келісімшартты қалай үзгенін айтты

©fcastana

"Астана" клубының бас директоры Тастанбек Есентаев ресейлік бапкер Андрей Тихоновтың кетуіне орай пікір білдірді, деп жазады Vesti.kz тілшісі Чемпионат сайтына сілтеме жасап.

"Андрей Валерийұлы Тихоновпен жылы қоштастық. Бір-бірімзге өкпеміз жоқ. Дисквалификацияға қатысты ойымызды ортаға салдық. Біз Тихоновты футболшы әрі бапкер ретінде сыйлаймыз. Ол футболшы болып жүрген шағында менің кумирім болатын. Біз Андреймен достық қарым-қатынастамыз", - дейді Есентаев.

Еске салайық, Тихонов 2020 жылдан бері елордалық клубта жұмыс істеді. Қазан айында "Қайрат" пен "Астана" матчынан кейін бапкер Қазақстан чемпионатында екі жылға шеттетілген еді. "Орталық" стадиондағы ойында ол төрешінің жұмысына көңілі толмаған соң командасымен бірге алаңнан кетіп қалған болатын. Алайда бірнеше минуттан кейін "Астана" кездесуді ары қарай жалғастырды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport