"Астана" басшы қызметін атқаратын маманды бекітті

©"Астана" ФК

Елордалық "Астана" клубының директоры міндетін атқарушы болып Арслан Беспаев бекітілді, деп хабарлайды Meta-ratings.kz. Бұған дейін, осы қызметте отырған Санжар Сейітқазинов орнын босатты деген ақпарат шыққан еді.

Дерекөөздің айтуынша, Беспаев еурокубок матчтарында командаға қызмет етіп үлгерген. 

"2019 жылдан үстіміздегі жылдың наурызына дейін ол клубта жұмыс істеді. Елордалық клубтың Еуропа лигасындағы сербиялық "Партизанға" қарсы, голландиялық АЗ, ұлыбританиялық "Манчестер Юнайтедке" қарсы ойындарын ұйымдастыруға атсалысты. 

Сонымен қатар, "Астананың" еурокубоктегі логистика мәселесімен де айналысты. 

Маман "ҚазМұнайГазда", Орал қаласының архитектура және құрылыс басқармасында, БҚО әкімі аппаратында және Алматы қаласының қаржы басқармасында қызмет еткен" - деп жазады ақпарат көзі.

Қоса кетейік, клубтан Сейітқазиновтың артынан спорттық директор Мұрат Тілешов те орнынан кетуі мүмкін. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport