"Астана" бас бапкерге қатысты мәлімдеме жасады

©"Астана" ФК

"Астана" клубы бас бапкер Андрей Тихоновқа қатысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Бірқатар БАҚ-та "Астананың" бас бапкері Андрей Вальеревич Тихоновпен еңбек қатынастарының тоқтатылғаны туралы ақпарат жарияланды.

"Астана" футбол клубы бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдейді:  клубтың жаттықтырушылар штабы футболшылармен бірге жұмысын белсенді жалғастырып, Қазақстан чемпионатындағы матчтарға дайындалып жатыр.

"Астана" футбол клубының баспасөз қызметі тек клубтың ресми сайтындағы ақпараттарға сенуді сұрайды", - делінген клуб сайтындағы хабарламада.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: