"Астана" клубы бас бапкер Андрей Тихоновқа қатысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Бірқатар БАҚ-та "Астананың" бас бапкері Андрей Вальеревич Тихоновпен еңбек қатынастарының тоқтатылғаны туралы ақпарат жарияланды.
"Астана" футбол клубы бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдейді: клубтың жаттықтырушылар штабы футболшылармен бірге жұмысын белсенді жалғастырып, Қазақстан чемпионатындағы матчтарға дайындалып жатыр.
"Астана" футбол клубының баспасөз қызметі тек клубтың ресми сайтындағы ақпараттарға сенуді сұрайды", - делінген клуб сайтындағы хабарламада.