Хорватсиялық голкипер Йосип Чондрич "Астана" футбол клубынан кететін болды, деп хабарлайды Vesti.kz сайты Aladop.kz басылмына сілтеме жасап.
Хорватиялық қақпашы “Астана” сапында 2023 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. "Зриньски Мостар" клубынан ауысып келген Чондрич Қазақстан ұжымында 76 матч өткізіп, өз қақпасына 81 гол жіберді. Біздің елімізде Йосип 2022/23 жылғы маусымда Қазақстан Кубогі мен 2023/24 жылғы маусымда Лига Кубогы жүлдесіне қол жеткізді.
"Биыл Чондричтің “Астанадағы” келісім шарты аяқталады. Елордалық команданың айына 12 млн теңге алатын қақпашымен ары қарай жұмыс жасауға ниеті жоқ", - деп жазады дереккөз.
32 жастағы қақпа қорғаны өз мансабында “Загреб”, “Тресньевка”, “Бистра”, “Рудеш”, Истра, “Ротор” Волгоград, “Зриньски” және “Астана” клубтарында өнер көрсетті.
Жарнама