"Астана" Англия чемпионатында ойнаған футболшыны сапына қосады

©"Лудогороец" ФК

Нидерланды құрамасында ойнайтын ганалық шабуылшы Элвис Ману "Астана" сапына өтуге аз қалды, деп хабарлайды Ghanasoccernet.com.

Футболшы агенттері мен клуб арасындағы келіссөз аяқталуға жақын. Мәлімет бойынша, 28 жастағы ойыншы қазақстандық клубқа еркін агент ретінде тегін келеді, алайда, айлығы жоғары болмақ. 

Ману ойнаған кейінгі команда болгариялық "Лудогорец" болды. Сонымен қоса, ол "Фейеноорд", англиялық "Брайтон" мен "Хадерсфилд", түркиялық "Акхисар" мен "Генчлербирлиги", қытайлық "Бэйджин Ренье" сапында өнер көрсеткен. Transfermarkt мәліметінше, футболшының нарықтағы құны миллион еуро.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport