Футбол
1 қыркүйек 2021 16:14

"Астана" Алиевтың болашағы туралы шешімін мәлімдеді

Али Алиев. Сурет: "Шахтер" ФК ©

"Астана" ФК Али Алиевтың қызметтен кетуі туралы ақпаратқа қатысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Vesti.kz. Клуб Алиевтың қызметін әрі қарай жалғастыратынын айтты. 

"Аз уақыт бұрын БАҚ беттерінде "Астана" жастар командасы мен олардың бас баспкері Али Алиев арасындағы еңбек келісімшарты тоқтатылды деген қауесет шықты.

Клуб бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын ресми мәлімдейді. Алиев бас бапкер ретіндегі қызметін жалғастыруда.  

"Астана" футбол клубы, тек клубтың ресми сайтындағы ақпаратқа сенуге шақырады", - дейді елордалық команданың баспасөз қызметі. 

Естеріңізге сала кетейік, "Астана М" командасы Алиевтың қызметке кіріскенінен бері Қазақстанның екінші лигасында, 34 гол салып, сегіз ойынды қатарынан жеңді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport