"Астана" Әли Әлиевті қызметінен босатты

"Астана" ФК ©

"Астана" жастар командасының бас бапкері Әли Әлиев қызметінен босатылды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

Қазақстандық жас маман клубтың жастарын осы жылы қабылдап, өте сапалы жұмыс атқарды. "Астана-Жастар" "Солтүстік-Шығыс" дивизиондағы ең нәтижелі команда болып, маусымды екінші орынмен аяқтады. Әлиевтің жетекшілігімен команда 22 матчта 72 гол соқты, ал жіберілген голдар саны бойынша (21) тек "Жеңіске" (16) жол беріп тұр. Әлиевтің басты жетістігі ретінде маусымның екінші бөлігінде негізгі командаға клуб тәрбиеленушілерінің көптеп тартылуын айтуға болады.

Осы көрсеткіштердің бәріне қарамастан, "Астана" басшылығы бапкерді қызметінен босатты. Бірақ қандай да бір себептермен елордалық клуб бұл туралы ресми ақпарат жарияламады. Бірақ Әлиевті клубтың сайтындағы команда құрамынан шығарып тастаған екен.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар