"Астана" әлем чемпионын қатарына қосты

©"Астана" ФК

Елордалық "Астана" командасы украиналық қорғаушы Даниил Бескоровайныйды қатарына қосты, деп жазады клубтың баспасөз қызметі. 

Бескоровайный – Украина футболының түлегі. Өз елінде ол "Луцк", "Волынь" және "Ковель-Волынь" сынды бірқатар командаларда өнер көрсеткен.

Даниилдің соңғы командасы словакиялық "ДАК 1904" болды.

Бұл командада ол 62 ойын өткізіп, 4 гол салған. 2019 жылы Украина U20 құрамасымен жастар арасындағы әлем чемпионатында топ жарды. Сондай-ақ, Украинаның халықаралық дәрежедегі спорт шебері болып саналады. 

Айта кетейік, ойыншыны словакиялық ұжымнан жалға алу мерзімі сатып алу құқығымен маусым соңына дейін есептелген. "Астана" футбол клубының ұжымы Даниилді өз құрамынан көргеніне қуанышты және біздің команда сапында үлкен жеңістер тілейді. 

Даниил Бескоровайный
Туған күні: 7 ақпан, 1999 жыл
Азаматтығы: Украина
Позиция: қорғаушы
Бойы: 194 см
Салмағы: 87 кг

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: