"Астана" - "Ақтөбе" және Қазақстан кубогіндегі тағы екі ойынның тікелей трнасляциясы

Сурет: "Астана" ФК

Бүгін, 16 шілдеде футболдан Қазақстан кубогі топтық кезеңінің екінші турының бірінші ойындары өтеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

19:00 бірден екі матч басталады. Қарағандыда жергілікті "Шахтер" петропавлдық "Қызыл-Жарды" қабылдайды, ал "Астана" өз алаңында "Ақтөбемен" ойнайды.

Соңғы ойын Қостанайда болады, мұнда "Тобыл" командасы "Атыраумен" кездесу өткізеді. Матчтің басталуы - 21:00-де.

Qazsport арнасы Нұр-Сұлтан мен Қостанайда өтетін ойындарды тікелей эфирде көрсетеді. Трансляцияны мына сілтеме арқылы тамашалауға болады. 

Жаңалықтар