"Астана" 9 гол салынған матчтен кейін Чемпиондар лигасынан шығып қалды

Сурет: "Динамо-Брест" ФК
"Астана" бірінші раундта белоруссиялық "Динамо-Брест" командасынан ұтылып, Чемпиондар лигасынан шығып қалды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл жұптың жеңімпазы Брест қаласында өткен бір ойында анықталды. Кездесу 6:3 есебімен белоруссиялық команда пайдасына аяқталды. 

Бірінші тайм ортасында "Астана" қақпасына алты минутта үш гол салынды. 16 және 22-ші минутта "Тобыл" мен қарағандылық "Шахтердің" бұрынғы форварды, Қазақстан тумасы Михаил Гордейчук, ал 17-ші минутта қорғаушы Кирилл Печенин.

37-ші минутта "Динамо-Брест" сапынан Павел Седько астаналықтар қақпасына дәл соққы жасады. Ал "Астана" үзіліске дейін бір гол сала алды - хорватиялық хавбек Марин Томасов 45-ші минутта.



Екінші таймда, 53-ші минутта "Астананың  румыниялық жартылай қорғаушысы Дорин Ротариу есепті екі де төрт қыла алды, алайда, бресттік команданың сенегалдық форварды Абдулай Диалло 55-ші минутта камбэкке деген үмітті үзді.

Матч соңына таман жағдай қайталанды. 88-ші минутта "Астана" сапынан Абзал Бейсебеков гол салды, бірақ, 90-шы минутта Диалло дубль жасады.