Ашулы жанкүйерлер кесірі. Футбол матчінен кейінгі тәртіпсіздктен 127 адам көз жұмды

©Видеодан скрин

1 қазанда Маланг қаласындағы "Канджурухан" стадионында футбол матчінен кейін қайғылы оқиға болды, деп хабарлайды Кaz.tengrinews.kz порталы Suryamalang басылымына сілтеме жасап. 

Сенбіде Индонезия чемпионатының матчінде "Арема" және "Парсебайя" командалары кездескен болатын. Ойын екінші команданың пайдасына 3:2 есебімен аяқталған болатын. 

Матч аяқталысымен "Ареманың" жанкүйерлері ашуланып, футбол алаңына қарай жүгірген. Тәртіп сақшылары көзден жас ағызатын газ шаша бастаған. 

Адамдар, оның ішінде трибунада отырғандары да қорқып, стадионнан кетпек болған. Салдарынан адамдар сығылысып қалған. Қайғылы оқиға салдарынан 127 адам қаза болған, оның ішінде әйелдер мен балалар да бар. 180-ге жуық адам ауруханаға жеткізілді.  

Лига басшылығы алдағы аптадағы бірнеше матч кейінге қалдырылғанын мәлімдеді. Сондай-ақ қайғылы оқиғаға байланысты тергеу жүргізіледі. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport