Қазақстан құрамасының бұрынғы капитаны Асхат Тағыберген ұлттық команданың базасында қонақта болды, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Бүгін бізге Асхат Тағыберген келіп кетті. Ол жаттығуға қатысып, алдағы ойындардға сәттілік тіледі", – деп жазды ҚФФ баспасөз қызметі.
Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Уэльс пен Бельгия құрамаларына қарсы өтетін ойындарға дайындалып жатыр. Матчтар 4 қыркүйекте Астанада және 7 қыркүйекте Брюссельде өтеді.
Тағыберген ұлттық құрама сапында 35 ойын өткізіп, 4 гол соққан. Ол Қазақстан құрамасының жейдесін 2014 жылдан 2025 жылға дейін қорғады. Осы жазда Солтүстік Македонияға қарсы іріктеу матчынан кейін 36 жастағы жартылай қорғаушы ұлттық құрамамен ресми түрде қош айтысты.
Клубтық деңгейде Асхат Тағыберген қазіргі таңда Қостанайдың "Тобол" командасында ойынын жалғастыруда.