Футбол
21 шілде 16:19

Асхат Тағыберген жанкүйерді матчтен кейін бірге-бір шақырды (видео)

©"Тобыл" ФК

Қазақстан құрамасының бұрынғы капитаны, қазір "Тобыл" клубының жартылай қорғаушысы Асхат Тағыберген КПЛ-2025 маусымының 17-турында "Ақтөбемен" (0:0) өткен матчтан кейін назарға ілікті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Әлеуметтік желіде Асхат Тағыбергеннің алаңнан кетіп бара жатып трибунадағы жанкүйерлерге жауап берген сәті түскен видео тарады. Видеода жанкүйердің футболшыға бағыттап бірдеңе айтқаны байқалады, ал Асхат оған тосын реакция білдіріп, былай деді:

"Бірге-бір кеттік! Бірге-бір келе аласың ба? Келе алмайсың", – деп трибунаға қарай саусақпен көрсетіп.


Еске салайық, Асхат Тағыберген Қазақстан ұлттық құрамасындағы карьерасын 2025 жылғы маусымда аяқтады. Бұл туралы Солтүстік Македониямен (0:1) өткен әлем чемпионатына іріктеу матчынан кейін бас бапкер Әли Әлиев мәлімдеген болатын.

Асхат Қазақстан құрамасы сапында 2014 жылдың маусымынан бастап өнер көрсетті. Жалпы 63 матч өткізіп, 3 гол соқты және 7 нәтижелі пас берген.

34 жастағы футболшы биылғы жылдың наурыз айында шымкенттік "Ордабасынан" костанайлық "Тобыл" клубына ауысты. 
 
 
 
 
 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport