Футбол
12 қаңтар 2017 17:20
 
Арзуманян "Арсенал" сапына ауысуы мүмкін

  Пікірлер

blog.share

Арзуманян "Арсенал" сапына ауысуы мүмкін ©shahter.kz

Өткен маусымды қарағандылық "Шахтер" сапында өткізген армениялық  қорғаушы Роберт Арзуманян тулалық "Арсенал" клубы сапында жаңа маусымға дайындық жұмыстарын бастады, деп жазады Vesti.kz порталы клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.

31 жастағы қорғаушы бүгін Түркияда оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатқан "Аресанал" командасына қосылды. Футболшы осы оқу-жаттығу жиындарының соңына дейін команда бапкерлерінің бақылауынан өтеді.

Айта кетейік, негізі Роберт Арзуманян пермнің "Амкар" клубына тиесілі футболшы. Бірақ, өткен маусымды ол жалда қарағандылық "Шахтер" сапында өткізді. Бірақ, жарақатына байланысты командасына тек сегіз ғана ойында көмектесті. Ал, оған дейін Армения құрамасының бұрынғы қорғаушысы Қазақстан біріншілігінде "Ақтөбе" сапында өнер көрсетіп, 53 ойынға қатысқан еді. 

Жарнама

Живи спортом!