Лондондық "Арсенал" бас бапкер Микель Артетаның жетекшілігімен 2025/26 жылғы маусымда Англия чемпионы атанды, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Канонирлердің" чемпиондығы маусым аяқталуына бір тур қалғанда ресми түрде белгілі болды. Бұған "Манчестер Сити" клубының сырт алаңда "Борнмутпен" 1:1 есебімен тең ойнауы себеп болды.
Осылайша, екінші орында тұрған "Манчестер Сити" 78 ұпаймен қалып ("Арсеналдан" төрт ұпай қалып), чемпиондыққа математикалық мүмкіндігін жоғалтты.
"Арсенал" 14-рет чемпион
Лондондық клуб бұған дейін мына маусымдарда чемпион атанған:
1930/31, 1932/33, 1933/34, 1934/35, 1937/38, 1947/48, 1952/53, 1970/71, 1988/89, 1990/91, 1997/98, 2001/02, 2003/04 және 2025/26.
Артета тарихи жетістікке жетті
Сонымен қатар, Микель Артета Англия премьер-лигасында өзі ойнап, кейін бас бапкер болып чемпион атанған алғашқы маман атанды.
The Arsenal. Your Premier League champions. pic.twitter.com/gNnfzesrhP
— Arsenal (@Arsenal) May 19, 2026
Жарнама