Артем Дзюба Түркия чемпионатына ауысуы мүмкін

©Зенит ФК

"Зениттің" экс-капитаны Артем Дзюба "Фенербахче" клубына ауысуы мүмкін, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

"Мутко против" телеграм арнасы осындай ақпарат таратты. Еркін агент статусы бар Дзюба түркиялық командамен екі жылдық келісімшарт жасамақ.

Еске салайық, Артем Дзюба 2015-2022 жылдары "Зенит" сапында 181 матчта 85 гол салды. Питерлік клубпен бірге Ресейдің төрт дүркін чемпионы атанды. 2011-2021 жылдары Ресей құрамасында өткізген 55 ойында 30 гол соқты.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар