Артем Дзюба Қазақстан чемпионатына ауысты

©Зенит ФК

"Зенит" шабуылшысы Артем Дзюба спорттық мансабын Қазақстанда жалғастырады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Басылымның мәліметінше 33 жастағы ойыншы "Тобыл" клубымен келіссөз жүргізген. Қостанайлық ұжым Дзюбаны Чемпиондар Лигасының алдында қатарға қосып отыр. Жазда футболшының қазіргі клубымен келісімшарты аяқталатындықтан "Тобылға" еркін агент ретінде ауысады.

Еске салайық, ресейлік шабуылшы "Зенит" сапында 2015 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Биылғы маусымда ол барлық жарысты қоса алғанда 24 матчта 10 гол соқты. Transfermarket сайты Дзюбаны 9 миллион еуроға бағалауда.

Еске салайық, Артем Дзюба "Зенитпен" бірге Ресей чемпионатын (2019, 2020, 2021) жылдары ұтты. Ресей құрамасымен алаңға 55 рет шығып, 30 гол салды.  

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport