Артем Дзюба италиялық Марио Балотеллимен бір клубта ойнайтын болды

©Рубин ФК

Ресей құрамасының шабуылшысы Артем Дзюба "Адана Демирспор" клубымен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Келіссөздер нәтижесі бойынша Дзюба түркиялық командада бір жыл доп тебеді.

33 жастағы шабуылшы осыған дейін "Зениттің" намысын қорғаған.

Ал спорттық карьерасында Ресейдің "Арсенал", "Ростов", "Томь" және "Спартак" командаларында ойнаған.

Ресей құрамасында 55 матчта 30 гол салды. "Зенит" сапында ішкі чемпионатты 4 мәрте ұтты.

Еске салайық, "Адана Демирспор" командасында Италия құрамасының экс-жарық жұлдызы Марио Балотелли ойнайды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport