Аршавин мансабындағы соңғы матчында "Қайраттың" бастапқы құрамына кірмеді
Ресейлік жартылай қорғаушы Андрей Аршавин мансабындағы соңғы матчында алматылық "Қайрат" командасының бастапқы құрамына кірмеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Ресейлік жартылай қорғаушы Андрей Аршавин мансабындағы соңғы матчында алматылық "Қайрат" командасының бастапқы құрамына кірмеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
11 қарашада өтетін Қазақстан чемпионатының соңғы турында "Қайрат" өз алаңында қарағандылық "Шахтер" командасымен ойнайды. Аршавин матчты қосалқы ойыншылар орынында отырып бастайды.
Бұған дейін алматылық клуб бұл матчтың ресейлік үшін соңғы болатынын жариялаған. Кейін Аршавин мансабын аяқтайтынын тұспалдап айтты.
Аршавин "Қайрат" құрамында үш маусым ойнады. Осы уақыт ішінде 107 матч өткізіп, 30 гол соқты, 37 рет допты дәл беріп, 13 сары және бір қызыл карточка алды. Ресейлік ойыншы чемпионаттың екі мәрте күміс жүлдегері болып, Қазақстан Кубогы мен Суперкубогын иеленді.
Жарнама