Аршавин әйгілі Роналдуды келеке етті

15 желтоқсан 2022 14:55
©Қайрат ФК

"Қайрат" клубы мен Ресей құрамасының экс-жартылай қорғаушысы Андрей Аршавин Франция мен Аргентина матчін Роналду міндетті түрде қарайды деп есептейді.

"Білесіз бе, Қатардағы әлем чемпионатының финалын көретін басты фаворит кім деп ойлайсыз? Ол әрине Криштиану Роналду. Роналду бармағын тістеп, Месси финалда ұтпас үшін тумба-юмба ойнауы мүмкін", - деп келтірді "Матч-ТВ" Аршавиннің сөзін.

Еске салайық, финал 18 желтоқсан күні Франция мен Аргентина арасында өтеді.

Португалия құрамасы ширек финалда Марокко ойыншыларына есе жіберіп, турнирді орта жолда аяқтады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport