Аршавин Әліптің "Зениттегі" ойынына баға берді

©"Зенит" ФК

"Зениттің" аңызға айналған ойыншысы Андрей Аршавин питерлік командада ойнап жүрген Нұралы Әліптің ойынына бағасын берді, деп хабарлайды Матч ТВ арнасы.

- Соңғы кездері кезінде сізбен "Қайратта" ойнаған Нұралы Әліп алаңға жиі шығып жүр. Оның "Зенитке" ауысуына қандай баға бересіз?

- Бір жағынан Ярослав Ракицийдің клубтан кеткені дұрыс болмады. Ал бір жағынан Әліп сынды қорғаушыға жол ашылды. Маусымның соңына бізге (ред. "Зенит") қарай сол қанаттағы қорғаушы ауадай қажет еді. Нұралы алаңға шыққан сайын сенімділігі арта түсті. Өз басым Әліптің Ресей чемпионатына ауысқанына қуаныштымын. Оның бойында талантынан бөлек еңбекқорлығы бар. Соның арқасында осындай жоғары деңгейде доп теуіп жүр. Қазақстандық футболшылардың бағын ашып жүрген Қайрат Советайұлы Боранбаевқа алғысым шексіз. Осы сәтті пайдаланып Қайрат Советайұлын да құттықтағым келеді. Сол кісінің командасында ойнаған ойыншы Ресей чемпионатында алтын медаль алып жатыр. Боранбаевтың қазір жағдайы қиын екенінен хабардармын. Сәтін салып бәрі жақсы болып жатса Әліптің жетістігіне бірге қуанамыз", - дейді Аршавин.

Еске салайық, Андрей Аршавин Ресей құрамасымен Еуропа чемпионатының қола жүлдегері атанды. Футболшы кезінде "Зенит", "Арсенал" сынды топ клубтардың намысын қорғады. Ал 2016-18 жылдары "Қайрат" сапында 84 матчта 24 гоғып спорттық карьерасын аяқтады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport