Футбол
29 қаңтар 10:00

"Арсеналмен" матчтен кейін бірден екі ойнышы "Қайраттан" кететінін мәлімдеді

©"Қайрат" ФК

"Қайраттың" бірден екі футболшысы - ресейлік қорғаушы Егор Сорокин және беларуссиялық жартылай қорғаушы Валерий Громыко Чемпиондар лигасындағы лондондық «Арсеналмен» матчтан (2:3) кейін алматылық клубтан кететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Егор Сорокин ағылшын грандына қарсы ойын өзінің "сары-қаралар" сапындағы соңғы кездесуі болғанын растады және мансабында жаңа кезең басталатынын атап өтті.

"Алда карьерамның жаңа кезеңі. Барлығын сәл кейінірек білесіздер. Клуб басшылығына, жаттықтырушылар штабына, әкімшілікке, дәрігерлерге және бір жарым жыл бойы иық тірестіре ойнаған серіктестеріме алғысым шексіз.

Екі чемпиондық, Суперкубок, Чемпиондар лигасының топтық кезеңі - мұның бәрі өмір бойы менімен бірге қалады, оны ешкім тартып ала алмайды. Сондықтан "Қайраттың" жейдесін киіп, намысын қорғағаныма бақыттымын. Командаға тек сәттілік тілеймін! Алда не боларын уақыт көрсетеді", - деді Сорокин Ануар Абдрахмановқа берген сұхбатында.

Егор Сорокин 2024 жылдан бері "Қайрат" сапында өнер көрсетті. КПЛ-2025 маусымында ол 22 матч өткізіп, бір гол соқты. Ал еурокубоктық маусымда 16 кездесуге қатысып, бір нәтижелі паспен көзге түсті.


Клубтан кететінін Валерий Громыко да растады. Оның айтуынша, бұл шешім алдын ала қабылданған.

"Мен бұған дейін де айтқанмын - мұнда қалмаймын. Біздің жолымыз осы жерде екіге айырылады. Солай болды: "Қайратты"» өз жолы бар, менің өз жолым бар. Біз бірге бір тарихи кезеңді өткердік, бір-бірімізге ризамыз. Бірге жұмыс істегенімізге қуаныштымыз", - деді жартылай қорғаушы.

Валерий Громыко 2024 жылдан бастап алматылық клубтың намысын қорғады. Қазақстан чемпионаты-2025 аясында ол 24 матч өткізіп, 4 гол соғып, 7 нәтижелі пас берді. Ал 2025/26 жылғы еурокубок маусымында оның еншісінде 16 ойын, 1 гол және 2 ассист бар.


Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport