Футбол
26 қаңтар 10:05

"Арсеналмен" матчқа кеткен "Қайрат" Лондонға жетті

©"Қайрат" ФК

Алматылық «Қайрат» футбол клубы Чемпиондар лигасы жалпы кезеңінің сегізінші тур аясында «Арсеналға» қарсы өтетін шешуші матчін өткізу үшін Лондон қаласына ұшып келді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Кездесу 28 қаңтарда өтеді.

Қазіргі таңда 21 ұпай жинаған «Арсенал» турнир кестесінде көш бастап тұр және плей-офф кезеңіне шығуын мерзімінен бұрын қамтамасыз еткен. Ал небәрі бір ұпайы бар «Қайрат» 36-орында орналасып, келесі кезеңге шығу мүмкіндігінен айырылды.

«Қайраттың» Чемпиондар лигасындағы алдыңғы матчтарының нәтижелері:

1-тур. «Спортинг» (Португалия) — «Қайрат» — 4:1
2-тур. «Қайрат» — «Реал» (Испания) — 0:5
3-тур. «Қайрат» — «Пафос» (Кипр) — 0:0
4-тур. «Интер» (Италия) — «Қайрат» — 2:1
5-тур. «Копенгаген» (Дания) — «Қайрат» — 3:2
6-тур. «Қайрат» — «Олимпиакос» (Греция) — 0:1
7-тур. «Қайрат» — «Брюгге» (Бельгия) — 1:4


Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport