"Арсеналдың" экс шабуылшысы Аршавинді ұлы ойыншы деп атады

©Қайрат ФК

Лондондық "Арсеналдың" экс-шабуылшысы Эммануэль Адебайор бұрынғы клубтасы Андрей Аршавинді ұлы ойыншылардың қатарына қосты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

"Аршавин – керемет ойыншы. Ол ұлы футболшы. Әрқашан өзіне сенімді болатын. Біз "Арсеналда" жақсы араласқандықтан, оған ақыл айтқан кездерім болған. Ол әрдайым маңызды матчтардың алдында ерекше дайындалатын. Өте жоғары деңгейдегі талантты ойыншы болатын. Қарғадай бойымен әйгілі "Энфилдте" "Ливерпуль" қақпасына төрт гол соғу деген кез-келген ойыншының қолынан келе бермейтін дүние", - дейді Адебайор.

Еске салайық, Андрей Аршавин 2016-2018 жылдары "Қайрат" сапында 84 матчта 24 гол салды. Спорттық карьерасында "Зенит", "Кубань" және "Арсенал" клубтарының намысын қорғады. Ресей құрамасының сапында 74 кездесуде 17 гол соқты.  

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар