"Арсеналдың" бас бапкері коронавируске шалдықты

Сурет: Football.ua
Лондондық "Арсеналдың" бас бапкері, 37 жастағы испаниялық Микель Артета коронавирус жұқтырды, - деп хабарлайды РИА Новости клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Клуб ойыншылары мен бапкерлік штаб карантинге жатқызылды. "Арсенал" Англия чемпионатының бірнеше матчына қатыспайды. 

"Бұл көңілімді қаймықтырады. Өзімді нашар сезінген соң тест тапсырғанмын. Маған рұқсат берген кезде жұмысқа ораламын", - деп келтірді Артетаның сөзін баспасөз қызметі. 

Бас бапкермен жақын байланыспаған ойыншылар мен қызметкерлер жақын арада жұмысқа оралуы мүмкін.

"Дәрігерлердің рұқсатын алған бойда ойындар мен жаттығуларға оралуды тағатсыздана күтіп жүрміз", - деді спорт директоры Рауль Санльехи.