"Арсеналдың" африкалық сұрмергені клубтан кетті

©Reuters

Пьер-Эмерик Обамеянг "Арсеналдан" кетті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. Мұндай шешімді ойыншы мен клубтың басшылығы келісе отырып жасалынғаны белгілі болды.

32 жастағы Обамеянг 2018 жылы лондондықтар сапына ауысып, осы уақыт аралығында 162 матчта 92 гол соққан. Сонымен қатар, 2018/19 жылғы маусымда Англия чемпионатының үздік шабуылшысы атанған. 2,5 маусым бойы "зеңбірекшілердің" капитаны міндетін атқарды.

Еске салайық, шабуылшы осыған дейін "Дижон", "Лилль", "Монако", "Сент-Этьен" және "Боруссия" (Дортмунд) сапында ойнаған. Габон құрамасынмен алаңға 71 рет шығып, 29 голдың авторы атанды. Әлемге әйгілі немістің transfermarket сайты футболшыны 15 млн еуроға бағалап отыр.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport