АПЛ-де кейінге шегерілген "Арсенал" мен "Манчестер Сити" арасындағы 12-тур матчі өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.
Лондондағы "Эмирейтс" стадионында өткен ойын 3:1 есебімен алаң қонақтарының пайдасына аяқталды. Жеңімпаздар сапынан Кевин де Брюйне (24-минут), Джек Грилиш (72) және Эрлинг Холанд (82) гол салды. Ал "Арсенал" командасынан Букайо Сака (42-минут) пенальтиді сәтті орындай алды.
Осы жеңіс арқасында "Манчестер Сити" 51 ұпай жинап, қосымша көрсеткіштер бойынша "Арсеналдан" (51) асып, турнир кестесінде бірінші орынға шықты. Дегенмен лондондықтарда тур саны бойынша алда әлі бір ойыны бар.