"Арсеналды" ұтқан "Ливерпуль" Англия чемпионатында қатарынан үшінші жеңіске жетті

29 қыркүйек 2020 10:38
Садио Мане. Сурет: Detik Sport
"Ливерпуль" футболдан Англия чемпионатының үшінші турында "Арсеналды" ұтты. Осылайша, жарыс басталысымен үш ойынның бәрінде жеңіске жетіп, көшбасшылар қатарында келеді, - деп хабарлайды "Р-Спорт".

Ливерпульде өткен кездесу 3:1 есебімен аяқталды. Жеңімпаздар сапында Садио Мане (28-ші минут), Эндрю Робертсон (34) және Диогу Жота (88) гол салды. Ал "Арсеналда" Александр Ляказетт (25) бір гол соқты.



"Ливерпуль" тоғыз ұпай жинап, турнир кестесінде екінші орынға шықты. Бірінші келе жатқан "Лестерде" де осынша балл, команда қосымша көрсеткіштер бойынша алда. Бір қызығы үшінші орындағы "Эвертон" да тоғыз ұпай жинаған. Ал "Арсенал" алты баллмен бесінші келеді. 
Жаңалықтар