Испания құрамасының жартылай қорғаушысы Мартин Субименди лондондық "Арсеналдан" мадридтік "Реалға" ауысуға ауызша келісім берді, деп хабарлайды Vesti.kz El Nacional басылымына сілтеме жасап.
"Реал" Камавинганың шешімін күтуде27 жастағы хавбек бразилиялық жартылай қорғаушы Бруну Гимараэстің "Арсеналға" қосылуынан кейін негізгі құрамдағы кепілді орнынан айырылды. Осыған байланысты Субименди Испанияға қайта оралуы мүмкін.
Мадридтік клуб испаниялық футболшыға бір жыл бұрын да қызығушылық танытқан. Енді "Реал" оны қайтадан сапына алуға талпынып отыр.
Алайда мадридтіктер трансфер бойынша белсенді әрекетке көшпес бұрын Эдуардо Камавингаға қатысты нақты ұсыныстың түсуін күтеді. Франциялық футболшыға "Манчестер Юнайтед" қызығушылық танытып отыр.
Егер Камавинга "Реалдан" кетсе, клуб Субимендиді сатып алуға қаржы бөле алады.
Әлем, Еуропа және Англия чемпионыСубименди өткен жазда "Реал Сосьедадтан" "Арсеналға" ауысқан. Лондондық клубтағы алғашқы маусымында ол барлық турнирде 57 матч өткізіп, алты гол соқты және үш нәтижелі пас берді. "Канонирлермен" бірге испаниялық жартылай қорғаушы 22 жыл үзілістен кейін Англия чемпионатын жеңіп алды.
Биыл жазда Субименди Испания құрамасымен бірге әлем чемпионы атанды. Ал 2024 жылы ұлттық командасымен Еуропа чемпионатында жеңіске жеткен болатын.