Жарнама

Футбол
Бүгін 13:57
 

"Арсенал" Винисиус үшін рекордты сомманы төлеуге келісті

  Пікірлер

blog.share

"Арсенал" Винисиус үшін рекордты сомманы төлеуге келісті ©x.com/realmadriden

Лондондық "Арсенал" мадридтік "Реалдың" және Бразилия құрамасының вингері Винисиус Жуниорды қатарға қосу үшін қомақты қаржы жұмсауға дайын, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Лондондық "Арсенал" мадридтік "Реалдың" және Бразилия құрамасының вингері Винисиус Жуниорды қатарға қосу үшін қомақты қаржы жұмсауға дайын, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Арсенал" 150 миллион еуро ұсынбақ

El Desmarque мәліметінше, ағылшын клубының басшылығы бразилиялық шабуылшы үшін ұсынысын 150 миллион еуроға дейін көтеруге әзір. Егер бұл трансфер жүзеге асса, бұл "Арсенал" тарихындағы сатып алған ең қымбат футболыш болмақ.

Бұған дейін мадридтік "Реал" өз көшбасшысына қатысты ұсыныстарды дәл осы сомадан бастап қарастыруға дайын екені хабарланған. Алайда клубтар арасындағы нақты келіссөздер тек Винисиустың өзі ауысуға келісім берген жағдайда ғана басталады.

Айлығы жоғары болады

Трансферлік өтемақымен қатар, "Арсенал" 26 жастағы футболшыға жылына 30 миллион еуро көлемінде еңбекақы ұсынуға дайын.

БАҚ мәліметінше, Винисиус "Реалмен" жаңа келісімшарт бойынша келіссөздер барысында дәл осындай еңбекақыны талап етіп отыр. Алайда әзірге тараптар ортақ мәмілеге келе алған жоқ. Қазіргі уақытта жағдайдың қалай өрбитіні толықтай Винисиустың шешіміне байланысты.

Егер бразилиялық футболшы клуб ауыстыруға келісім берсе, "Арсенал" мадридтік клубпен ресми келіссөздерді бастап, соңғы жылдардағы ең ірі трансферлердің бірін жүзеге асыруға тырысады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!