Футбол
Бүгін 11:24
 

"Арсенал" ойыншысы "Ситиді" талқандаған матчта ғасыр рекордын орнатты

  Пікірлер

blog.share

"Арсенал" ойыншысы "Ситиді" талқандаған матчта ғасыр рекордын орнатты ©Depositphotos/operations@newsimages.co.uk

Лондондық "Арсенал" мен Италия құрамасының қорғаушысы Риккардо Калафьори Англия Суперкубогының тарихына енді, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Лондондық "Арсенал" мен Италия құрамасының қорғаушысы Риккардо Калафьори Англия Суперкубогының тарихына енді, деп хабарлайды Vesti.kz.

23-секундтағы гол және XXI ғасырдағы рекорд

Калафьори "Манчестер Ситиге" қарсы матчтың небәрі 23-секундында гол соғып, "канонирлерді" алға шығарды. Бұл гол Англия Суперкубогында соңғы 58 жылдағы ең жылдам гол болды.

Турнир тарихында мұндай ерте гол соңғы рет 1968 жылы соғылған. Сол кезде "қалалықтардың" шабуылшысы Бобби Оуэн "Вест Бромвичтің" қақпасын дәл көздеген еді.

"Арсенал" "Ситиді" ойсырата жеңді

Калафьоридің жылдам голы лондондық команданың сенімді жеңісінің бастамасы болды. Кейін "Арсеналдың" басымдығын неміс шабуылшысы Кай Хаверц пен норвегиялық жартылай қорғаушы Мартин Эдегор арттырды.

Кездесу 3:0 есебімен аяқталды.

Калафьоридің Лондондағы карьерасы

24 жастағы италиялық футболшы "Арсеналға" 2024 жылдың жазында "Болоньядан" ауысты. Трансфер құны 43,7 миллион еуроны құрады.

Өткен маусымда Калафьори барлық турнирде 36 матч өткізіп, бір гол соқты және үш нәтижелі пас берді.
 
 
 
 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!