Лондондық Арсенал клубы жазғы трансферлік кезең қарсаңында шабуыл шебін күшейтуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Vesti.kz.
Берта Түркияға барды
Клубтың спорттық директоры Андреа Берта Түркия Суперлигасының 31-туры аясындағы "Галатасарай" — "Фенербахче" матчын арнайы барып тамашалаған.
CaughtOffside мәліметінше, ол нигериялық шабуылшы Виктор Осимхенді бақылаған. Футболшы "Арсенал" үшін негізгі трансферлік нысандардың бірі ретінде қарастырылып отыр.
Келіссөздер басталуы мүмкін
Дереккөздің хабарлауынша, "Арсенал" Осимхенді сатып алу мүмкіндігін байыпты түрде қарастыруда. Осы мақсатта Берта "Галатасарай" басшылығымен алдын ала келіссөз жүргізу үшін Түркияға барған.
Аталған матчта Виктор Осимхен өз командасының сенімін ақтап, үш голдың бірін соқты. Нәтижесінде "Галатасарай" 3:0 есебімен жеңіске жетті.
Осимхеннің статистикасы
Биылғы маусымда нигериялық форвард Галатасарай сапында 31 матч өткізіп, 20 гол соғып, 7 нәтижелі пас берген. Оның клубпен келісімшарты 2029 жылға дейін жарамды. Transfermarkt порталы ойыншының нарықтық құнын 75 миллион еуроға бағалап отыр.
Жарнама