Футбол
Бүгін 10:57

"Арсенал" мен "Атлетиконың" Чемпиондар лигасындағы матчіне трансляция

©UEFA

Бүгін, 6 мамырға қараған түні Чемпиондар лигасының жартылай финалындағы қарымта матчта Лондонның "Арсенал" клубы мен Мадридтің "Атлетико" командасы кездеседі, деп хабарлайды Vesti.kz.

Қайда және қашан көруге болады?

Лондондағы (Англия) "Эмирейтс" стадионында өтетін ойын Қазақстан уақытымен 00:00-де басталады. Матчтың тікелей трансляциясын Qazaqstan телеарнасынан көруге болады.

Кездесулер статистикасы

Мадридте өткен алғашқы матч 1:1 есебімен тең аяқталған еді. "Атлетико" мен "Арсенал" арасындағы жеке кездесулерде теңдік сақталып тұр: әр командада бір жеңістен және екі тең ойын бар. Сонымен қатар, осы маусымдағы Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде "зеңбірекшілер" өз алаңында мадридтіктерді 4:0 есебімен ұтқан болатын.

Бұл жұптың жеңімпазы финалда Мюнхеннің "Бавариясы" мен Францияның "Пари Сен-Жермені" арасындағы матч жеңімпазымен кездеседі (алғашқы матчтан кейінгі есеп — 4:5).

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport