"Арсенал" командасы "Манчестер Ситиге" шабуылшы үшін 52 миллион еуро ұсынды

©Reuters

"Манчестер Сити" командасының шабуылшысы Габриэль Жезус "Арсенал" сапына ауысуы мүмкін. Бұл туралы Mirror хабарлайды. 

Дереккөздің ақпараты бойынша, негізі клубтар келісімге келген екен. "Арсенал" 25 жастағы шабуылшы үшін 52 миллион еуро төлейтін болды. 

Жезус "Манчестер Сити" сапында 2016 жылдан бері өнер көрсетеді. Ол өткен маусымда 41 кездесуге қатысып, 13 гол соғып, 12 нәтижелі пас берген. 

Айта кетейік, Transfermarkt порталы шабуылшыны 50 миллион еуроға бағалап отыр. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport