Словения ұлттық құрамасы мен "Лейпциг" командасының шабуылшысы Беньямин Шешко "Арсеналға" ауысады, - деп хабарлайды Vesti.kz.
The Sun ақпараты бойынша, 22 жастағы шабуылшының ауысып келуіне команда бапкері Микель Артета тікелей қызығып отыр. Ал клуб Шешко үшін 81 млн еуро төлеуге дайын.
Қос тарап келісетін ендігі тұс – жалақы мәселесі. Шабуылшы лондондық клуб ұсынған сомадан көбірек алғысы келеді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Беньямин Шешко өткен маусымда 45 матчқа қатысып, 21 гол соқты. Ал 2024 жылы Ұлттар лигасында Қазақстан құрамасы қақпасына 3 гол соғып, хет-трик жасаған. 2023 жылы Еуро іріктеуінде пенальтиден бір гол соққан.
Жарнама