Лондондық "Арсенал" ьуриндік "Ювентус" клубы мен Түркия құрамасының шабуылшысы Кенан Йылдызды шабуыл шебін күшейтудегі негізгі мақсатты етіп, 21 жастағы футболшы үшін шамамен 100 миллион еуро ұсынуға дайын, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Арсенал" Йылдызға көз тіктіTuttosport мәліметінше, "канонирлер" Йылдызға шындап қызығушылық танытып отыр және оның трансфері бойынша қомақты ұсыныс жасауға дайын.
Бұған дейін лондондық клуб мадридтік "Атлетикодан" аргентиналық шабуылшы Хулиан Альваресті де сатып алу мүмкіндігін қарастырып жатқаны хабарланған еді. Алайда мадридтіктер басшылығының қатаң ұстанымына байланысты Альварестің орнына "Арсенал" трансферлік жоспарына Йылдыз кіріп отыр.
Түркиялық футболшы "Ювентустың" көшбасшысына айналдыЙылдыз "Ювентус" жүйесіне 2022 жылы мюнхендік "Бавария" академиясынан еркін агент ретінде ауысқан. Қысқа уақыт ішінде түркиялық футболшы италиялық клубтың негізгі ойыншыларының біріне айналды.
Өткен маусымда ол барлық турнирде 47 матч өткізіп, 11 гол соқты және 10 нәтижелі пас берді.
Йылдыз шабуыл шебінде бірнеше позицияда ойнай алады. Ол қапталда да, шабуылшының артындағы позицияда да өнер көрсетуге қабілетті.
"Ювентус" жұлдызын сатуға асықпайдыАқпан айында түркиялық футболшы "Ювентуспен" келісімшартын 2030 жылға дейін ұзартты. Бұл италиялық клубтың ықтимал келіссөздердегі позициясын айтарлықтай күшейтеді.
Transfermarkt Йылдыздың нарықтағы құнын 75 миллион еуро деп бағалайды. Ал "Арсенал" бұл соманы шамамен 100 миллион еуроға дейін көтеруге дайын.