Футбол
Бүгін 09:34

"Арсенал" жалғыз голмен қарысыласын АПЛ-ден шығарып тастады

©"Арсенал" ФК

Лондондық "Арсенал" Англия премьер-лигасының 37-турында "Бернли" командасын ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Кездесу Лондондағы "Эмирейтс" стадионында өтіп, алаң иелерінің 1:0 есебіндегі жеңісімен аяқталды.

Матчтағы жалғыз голды 37-минутта "зеңбірекшілердің" шабуылшысы Кай Хаверц соқты.

Осылайша, Арсенал қатарынан төртінші жеңісіне қол жеткізіп, 82 ұпаймен Англия премьер-лигасының турнирлік кестесіндегі көшбасшылығын сақтап қалды.

Маусым аяқталуына бір тур қалғанда лондондық команданың екінші келе жатқан "Манчестер Ситиден" басымдығы бес ұпайды құрайды. Алайда "қалалықтардың" қорында бір ойын бар.

Ал "Бернли" 21 ұпаймен турнир кестесінің 19-орнында тұр. Команда мерзімінен бұрын АПЛ-мен қоштасты.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport